Балаларды да өлтіріп жатыр: Иранда аятолла Хаменеидің жиенін қамауға алды
Балаларды да өлтіріп жатыр: Иранда аятолла Хаменеидің жиенін қамауға алды
Иранның рухани көсемі әрі жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің жиені, құқық қорғаушы Фариде Морадхани Иран билігімен барлық қатынасты үзуді сұрап, әлемдік қауымдастыққа үндеу тастаған соң қамауға алынды. Бұл туралы Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Францияда тұратын Махмұд Морадханидің сөзінше, ол әпкесінің алдын ала жазылған видеосын 23 қарашада жариялаған.
"Азат адамдар, бізге көмектесіңіздер, балаларды да өлтіріп жатқан бұл қанқұйлы режимге қолдау көрсетуді тоқтату жөнінде үкіметтеріңізге айтыңыздар. Бұл режим өз діни принциптерінің бірін де сақтамайды, ешқандай заңды да, ережені де білмейді, өз билігін сақтап қалу үшін күш қолдануды ғана біледі", - дейді Морадхани.Оның сөзінше, Иран халқы қазіргі билікті қолдайтындарды жек көреді. Морадхани демократиялық елдерді Ирандағы өкілдіктерін шақырып алып, Тегеранмен жұмыс істеспеуге үндеген. Үндеудің қашан жазылғаны белгісіз. Фариде мен Махмұд Морадхани - биыл қазан айында өлген діндар оппозиционер Әли Техранидің балалары. Әли Техрани аятолла Хаменеидің қарындасының күйеуі.
Taulik.kz