Хабиб карьерасын не үшін аяқтағанын ашық айтты
Хабиб карьерасын не үшін аяқтағанын ашық айтты
Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасын не үшін аяқтағанын айтты, деп жазады Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен анама уәде бердім. Сол үшін карьерамды аяқтадым. Негізінде карьерамда жанкүйерлер білмейтін көп жағдай болды. Карьерамды тек бұл уәде үшін ғана аяқтаған жоқпын. Бірақ анама берген сөзімде тұруым керек. Себебі сенде дос, бала, жалпы барлық нәрсе болуы мүмкін. Алайда екінші мәрте анаң болмайды. Адамда бір ғана ана болады. Ол мен үшін бұл әлемде теңдессіз адам. Бұл ең батысы. Иә, Дағыстанда, тек ол жақта емес, көп жерде адамдар аналарын дұрыс құрметтемей жатады. Мен мұны шынымен түсінбеймін. Адамдар әке-шешесімен қалай жаман қарым-қатынаста болуы мүмкін? Мен оған патшайым сияқты қараймын», - деді Нурмагомедов МMA Junkie YouTube арнасына берген сұхбатында.