Жаңалықтар

Өскеменде жылу электр станциясы істен шықты

Өскеменде жылу электр станциясы істен шықты

Қатты аяз салдарынан Өскемендегі жылу электр орталығындағы жабдық істен шықты. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде батареялардағы температураның төмендегеніне шағымдануда, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.  Телеарнаның хабарлауынша, Өскеменнің кейбір аудандарында ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеген. Аяздың кесірінен қаладағы жылу электр орталығы істен шыққан. қала басшылығына мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға көшіруге тура келді. Суық қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысына да әсер еткен: автобустардың жанар-жағармай жүйесі мен пневматикалық аспасы қатып қалған, сондықтан көліктердің 60 пайызы ғана жолға шыққан. Соның салдарынан адамдар ұзақ уақыт аялдамаларда көлік күтуге мәжбүр болды. Қоғамдық көлік жүргізушілері мәселені өз бетінше шешуге тырысуда.
Негізі оларға (жүргізушілерге – ред. ескертпе) басшылық тарапынан ешқандай бұйрық болған жоқ. Жүргізушілердің өздері осындай азаматтық позиция көрсетуде. Олар жағдайды қалай да түзеуге тырысуда. Бірақ соңында екі жүргізушінің саусағы үсіп қалып, олар медпунктке жүгінді, – дейді Өскемен жолаушылар көлігін басқару орталығының директоры Нұрсұлтан Кәрібеков.
Еріктілер қала тұрғындарына аялдамаларда ыстық шай беріп, сонымен қатар қар тазалайтын коммуналдық қызметкерлерге де көмектесуде. Акцияға Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің өкілдері де қосылды. Олар қала тұрғындарына ыстық бауырсақ таратып, үйлеріне жеткізіп салуда. Дегенмен, Шығыс Қазақстан өңірінде аяз соңғы бірнеше күнде қайта күшейе түсті. Өскемендегі ЖЭО-да датчиктердің істен шығуына байланысты №15 қазандық сөніп қалды. Бір жарым сағаттан кейін мамандар оны қайта қосты. Соған қарамастан желілік судың айналуында қиындықтар бар – суыққа байланысты ол мың тоннаға артқан. Бұл қазірдің өзінде тұрғын үйлердегі батарея температурасының төмендеуіне әсер етті. Станция жөндеу бригадаларының санын көбейткенін хабарлады. 7 қазандық және 6 турбоагрегат жұмыс жасап тұр.
Сонымен қатар желілік судың температурасын арттыру үшін станцияның генерациясы төмендетілді. Жақын арада жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жабдық қосылған кезде желілік судың температурасы температуралық кестеге сәйкес келеді, – деді Өскемен ЖЭО кезекші аға инженері Евгений Васильев.

Taulik.kz