Елімізде Ресейден келген 100 мың адам жүр: 22 мың ресейлік қызметкер бар
Елімізде Ресейден келген 100 мың адам жүр: 22 мың ресейлік қызметкер бар
Қазақстанда Ресейден келген 100 мың адам жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
Министр Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға келген ресейліктерге қатысты нақты ақпаратты Ішкі істер министрлігі беретінін атап өтті.
Біз күн сайын алмасатын шұғыл деректер бойынша 400 мыңнан аса ресейлік (Қазақстанға – автор) келді. 323 мың ресейлік елден кетті. Әзірше, шамамен 100 мың ресейлік осында жүр. Енді еңбек мигранттарына тоқталайын. Өткен жылдардағы көрсеткішті қоса алғанда 22 мың ресейлік Қазақстанда жұмыс істеп жүр. Олар зейнетақы жарнасын аударады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Taulik.kz