Жаңалықтар

Сүйінші: ҚР азаматтығын алу үшін қазақ тілін, тарих пен Конституцияны білу міндетті болмақ

Сүйінші: ҚР азаматтығын алу үшін қазақ тілін, тарих пен Конституцияны білу міндетті болмақ

Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, тарих пен Конституцияны білу міндетті болмақ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.
«Біріншіден, Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, біздің тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білу міндетті болмақ. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр. Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаты бар қандай да бір адам басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі ол адамды біздің азаматтықтан айырады. Сонымен бірге, адам азаматтықты алғаннан кейін алты ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтатқаны туралы анықтама ұсынбаса, ондай адамдар да бұдан былай Қазақстан азаматы болмайды. Қазіргі заңнамада мұндай шаралар қарастырылмаған еді», - деді ол.

Taulik.kz