Жаңалықтар

«Қазіргі жағдайды сипаттайды»: жыл сөзі анықталды

«Қазіргі жағдайды сипаттайды»: жыл сөзі анықталды

Merriam-Webster америкалық сөздігі жыл сөзін анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жарияланған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы жыл сөзі «газлайтинг» болды. Бұл термин 1938 жылғы пьеса және басты рөлді Ингрид Бергман сомдаған фильм атауынан шыққан, ол осы рөлі үшін «Оскар» алған. Сөздікте «газлайтинг» адамды өз ойының дұрыстығына, шындықты немесе естеліктерді қабылдауына күмәндануға мәжбүрлейтін және шатасуға, сенімділік пен өзін бағалауды жоғалтуға, эмоционал тәжірибеде сенімсіздікке әкелетін манипуляциялық әдіс ретінде анықтама берілген. Merriam-Webster сөздігін құрастырушылар бұл термин әлемдегі және ақпараттық кеңістіктегі қазіргі жағдайды сипаттауға ең қолайлы деп санайды.