Жаңалықтар

Ақмола облысында дәрігер жұмыс орнында көз жұмды

Ақмола облысында дәрігер жұмыс орнында көз жұмды

Ақмола облысының Есіл қаласындағы аудандық ауруханада дәрігер акушер-гинеколог Роза Хасенова қайтыс болды. Ол екі айдан кейін 53 жасқа толар еді, деп хабарлайды Taulik.kz sinegor.kz басылымына сілтеме жасап. Дәрігердің өлім себебі хабарланған жоқ. Артында 2 баласы қалған. Ол Есіл аудандық ауруханасында 20 жылдан астам еңбек еткен.
«Көпшілік құрметтеген дәрігер қайтыс болғанын хабарлаймыз. Ұжым жоғары білікті дәрігер, жақсы адамнан айырылды. Роза Хасенова әрдайым ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор жан еді», ‒ деп жазды әріптестері.
Марқұм Есіл аудандық ауруханасында 2001 жылдан бері жұмыс істеген.