Жаңалықтар

Қамаудағы Қайрат Құдайберген өлең жазып жүр ме?

Қамаудағы Қайрат Құдайберген өлең жазып жүр ме?

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасында қамауда отырып жазған бір шумақ өлеңі жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір шындық бар айтылмаған қаңтардағы, Сол шындықты ешкім іздеп таптырмады. Әділдікті ту етеміз деген билік, Неге менің шындығымды жақтырмады? - деп жазыпты ол.
Шумақ экс-депутаттың Instagram-дағы парақшасына жүктелді. Өлеңді желіге жариялаушылар алдағы уақытта өлеңнің жалғасы жүктелетінін атап өткен.
«Қайраттың жазған өлеңінің бірінші шумағы. Күніне өлеңнің бір шумағын жариялайтын боламыз. Ал сіздер, құрметті оқырман, әрбір сөзді саралап, жауап табуға көмектесіңіздер. Ойыңыз қалай? Пікір қалдырып, келесі шумақты күтіңіз!» - делінген жазбада.