Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды
Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды
ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, - деп хабарлайды Taulik.kz Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов - апат орнында.
Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.
Taulik.kz