Жаңалықтар

«Қазақстан аруына» қатысқан актрисаның өліміне қатысты тың мәлімет шықты

«Қазақстан аруына» қатысқан актрисаның өліміне қатысты тың мәлімет шықты

Актриса Наталия Семагоның (Стешенко) Мәскеуде өз пәтерінде қайтыс болғаны анықталды деп хабарлады Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. 28 қарашада сағат 15:00-де актрисаның 10 жасар ұлы көршілерден дәрігер шақыруды өтініп, көмек сұраған. Баланың айтуынша, орындықта отырған анасы қимыл-қозғалыссыз қалған. Дәрігерлер келгенде әйел қайтыс болған. Наталия Семаго 2006 жылдан бері еңбек еткен «Луна» театрындағы әріптестері актрисаның өліміне қан ұйығы себеп болуы мүмкін екенін айтады.
«Денесінен зорлық белгілері табылған жоқ. Себебін білмейміз, аяқ астынан болды. Қан ұйыған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама қорытындысын күтеміз», – деді театрдағы қызметкерлер.
Айта кетейік, Наталья Стешенко Павлодар қаласында дүниеге келген, 2000 жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысқан. Ол Мәскеудегі «Луна» театрында жұмыс істеді, сонымен қатар «Алданған әйелдер лигасы» телехикаясында басты рөлді сомдады.