Жаңалықтар

Петропавл тұрғынын Ресейде айуандықпен өлтіріп кеткен

Петропавл тұрғынын Ресейде айуандықпен өлтіріп кеткен

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Петропавлдық қызды әлдекімдер айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, Петропавлдық 27 жастағы Юлиана Санкт-Петербургке көшіп кеткен. Күдіктілер оны өз пәтерінде өлтіріп кеткен. Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскенін айтқан. Ол өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін инспекцияға барғаннан кейін, байланысқа шықпағанын хабарлаған.
«Ер адамның арызын тексеру кезінде полицейлер көрсетілген мекенжай бойынша пәтерді қарап шықты. Тексеру кезінде бұрышта құрылыс қалдықтары салынған қаптардың арасынан үй иесінің полиэтиленге оралған денесі табылды. Бұл факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген 41 жастағы Қырғызстан азаматы осы қылмысты жасады деген күдікке ілінді. Мигрант 2 күн іздестіріліп, 27 қарашада Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша бас басқармасы қызметкерлері Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақханадан шығып келе жатқанда ұстаған.