Жаңалықтар

Қырғыз-өзбек шекарасы арасындағы жағдай қалай шешілмек?

Қырғыз-өзбек шекарасы арасындағы жағдай қалай шешілмек?

Қырғыз-өзбек шекарсы туралы маңызды мәлімет шықты. Бұл жөнінде қырғыз мемлекет басшысының әкімшілігі хабарлады. 17 қарашада Жогорку кеңеш заң жобасын бірден үш оқылымда қабылдаған. Қырғыз президенті әкімшілігінің мәліметінше, келісімге екі ел арасындағы 302,29 шақырым шекара сызығы енген. Қырғыз парламентінде бұл құжат даулы пікірталас арқылы қабылданды. Ондағы басты мәселе Кемпірабад су қоймасы маңындағы жердің Өзбекстанға өтуі. Бұл қоғам наразылығын да туғызған. Отызға жуық саясаткер мен белсенді ұсталды. Қазір олар тергеу абақтысында отыр. Бірақ келісімде су қоймасын екі ел бірлесіп басқаратыны айтылған.

Taulik.kz