Жаңалықтар

Жедел штаб: Екібастұздағы көппәтерлі үйлерге бүгін жылу беріледі

Жедел штаб: Екібастұздағы көппәтерлі үйлерге бүгін жылу беріледі

Бүгін Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
«Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатыр.

Taulik.kz