Жаңалықтар

Тоқаев Франция президентімен Әбләзов сотына байланысты сөйлесе ме?

Тоқаев Франция президентімен Әбләзов сотына байланысты сөйлесе ме?

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Тоқаев Францияда Әбләзовтың ісін қарай ма деген сұраққа жауап қатты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Әбләзов мырза туралы айтар болсақ, бұл мәселе көптеген елдің құқық қорғау органдарының мәселесі. Бұл тақырып саяси деңгейде талқыланбайды. Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің, Еуропа елдері мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары мен соттары айналысатын мәселе. Өздеріңіз білетіндей, Әбләзов мырзаны Қазақстанның соты 20 жылға соттаған. Сонымен қатар, олар Лондонның Жоғары сотының үкімімен БТА банкінен 4 млрд теңгені жымқырғаны үшін де сотты болған. Қазір білуімше, АҚШ, Ұлыбритания мен Францияда да оған қатысты сот процестері жүріп жатыр. Оған қоса, бұл процестің екінші тарапы БТА банкі, Алматы әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігі. Сол себепті бұл мәселе құқықтық деңгейде», - деді Василенко мәжіліс кулуарында.
Мәселе екі ел президентінің талқылауынан өтпейтінін мәлімдеді.
«Қазақстан мен Франция арасында оны экстрадациялау туралы келісім әлі жасалған жоқ. Бұл мәселе француз тарапымен ары қарай талқыланады. Білуімше, Францияда Әбләзовтың өзіне қатысты сот процесі жүріп жатыр», - деді ол.

Taulik.kz