Клебанов Екібастұздағы апат үшін халыққа ақы төлеуі керек – депутат (ВИДЕО)
Клебанов Екібастұздағы апат үшін халыққа ақы төлеуі керек – депутат (ВИДЕО)
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Екібастұздағы ЖЭС-те болған апатқа байланысты Александр Клебанов халыққа моральдық және материалдық ақы төлеуі керек екенін мәлім етті, деп жазады Taulik.kz.
«Екі күн бұрын әкімшілікте жиналыс болды. Сол жерде Клебанов мырза да болды. Бұл сұрақты ол кісіге қойдық. Ол «қазіргі таңда біз нысанды бір теңгеге мемлекетке сатамыз» деді. Біздің ойымызша, олай болмайды. Ең бірінші, олар осы кәсіпорынды иелікке алған кезде кәсіпорын қандай болды, қазір қандай, соның айырмасын анықтап, сол айырманы төлеуі керек. Екіншіден, бүгінгі таңда халық қиналып жатыр. Сондықтан ең болмағанда Екібастұз халқына моральдық және материалдық ақы төленуге тиіс», - деді депутат.