Халық тілегі қабыл: Жүрсін Ерман емделуге Еуропаға кеткелі жатыр
Халық тілегі қабыл: Жүрсін Ерман емделуге Еуропаға кеткелі жатыр
Айтыскер Шалқарбай Ізбасаров Instagram парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайын мәлімдеді.
"Айтыстың реформаторы Жүрсін Ерман ағамызға амандасып және "Ұлытау облысының құрметті азаматы" атануымен құттықтап шықтық. Аллаға шүкір, жағдайы жақсарып қалыпты. Жақында ем-дом алу мақсатында Еуропаға барғалы жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын, аман жүріңіз", - деп жазды айтыскер.
Taulik.kz