Жаңалықтар

Украинаның Мадридтегі елшілігінде жарылыс болды

Украинаның Мадридтегі елшілігінде жарылыс болды

Украинаның Мадридтегі елшілігінде жарылыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz BBC-ге сілтеме жасап. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де болған. Украина СІМ ресми өкілі Олег Николенконың айтуынша, елшілікке пошта жөнелтімі келіп, тексеру кезінде коменданттың қолында жарылған.
«Комендант жеңіл жарақат алды, қазір ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Оның өміріне қауіп жоқ», - деп жазды Олег Николенко.
Басқа қызметкерлер зардап шекпегені белгілі болды.
«Тарихта біздің мекемелер мен қызметкерлерге шабуыл жасау жағдайлары болған. Бірақ конверттегі жарылғыш заттар бірінші рет кездесіп отыр»,-деді Украинаның сыртқы істер ведомствосы.

Taulik.kz