Алла жар болсын: Ауруханада жатқан Нұрғали Нүсіпжанов ренішін жеткізді
Алла жар болсын: Ауруханада жатқан Нұрғали Нүсіпжанов ренішін жеткізді
Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен еді. Әнші Рамазан Стамғазиев елге танымал, халық қалаулысының жағдайын біліп, Нүсіпжановтың ренішін жеткізді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл туралы әнші өз фейсбук парақшасында жазба қалдырды.
«Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр. Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?! Оларға айтатын адам жоқ па?! Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін. Жасай беріңіз, Нұр аға. 90-100-ге келген тойыңызды көруге жазсын!» – деп жазды Стамғазиев.