Жаңалықтар

Ақтөбеде зорлық жасап, 8 жыл бойы қашып жүрген ресейлік ұсталды

Ақтөбеде зорлық жасап, 8 жыл бойы қашып жүрген ресейлік ұсталды

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Сайт мәліметінше, 30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды. Күдікті Қылмытық кодектің 120-бабы 2-бөлігі «Зорлау» бойынша іздеуде жүрген. Бүгінде ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.