Сқақов Павлодар жұртшылығынан кешірім сұрады
Сқақов Павлодар жұртшылығынан кешірім сұрады
Орнынан босатылған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook-тегі парақшасында тұрғындардан болған жайт үшін кешірім сұрады.
Құрметті жерлестер! Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғанын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай – дәл сол ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! - деп ағынан жарылды ол.
Taulik.kz