Дана Нұржігіт: 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз
Дана Нұржігіт: 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, журналис Дана Нұржігіт депуттар әлеуметтік желіде белсенді болуы керегін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«2019 жылы қазіргі жұмысыма келген кезде әлеуметтік желідегі аудиториямның маған деген көңілі қалай өзгергенін байқадым. Аудитория өте сезімтал дүние. Бұған дейін телевизиядағы мансабымда мені тележүргізуші, журналис ретінде білетін азаматтардың сол жылдары билікке деген сенімі қандай екенін білдім. Мен мұны депуттат болғанда сезіндім. Өйткені сол кезге дейін 700-ге жақындап қалған менің фолловерлерімнің (жазылушы) саны күрт төмендеп кетті. Бұл билікке деген сенімсіздік болатын. Ал бүгінгі таңда 700-ге әрең жетіп тұрған фолловерлерімнің саны дәл қазіргі таңда 790 мыңға жетіп отыр».Сенатордың пікірінше, әрбір депутат өңірлерді аралап, сауалдар жазып қана қоймай, әлеуметтік желіде белсенділік таныту қажет. Өйткені әлеуметтік желі қоғамды ашықтықпен қамтамасыз етіп, санасуға шақырады.
«Менің осыған дейін жасаған барлық депутаттық сауалдарым аспаннан алынған тақырыптар емес. Бұл менің фолловерлерімнің ұсынған мәселелері. Мәселен, «ойын бизнесі», «педофилия» тақырыптары, иә болмаса биыл әйелдердің ең үлкен қуанышты жаңалығы әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-тен 61-ге түсіру жөніндегі сауалды айтсақ болады. Әрине, маған жазған әйелдер 58 жас деген еді. Бірақ ұлттық экономикалық жағдайға байланысты 61 жасты місе тұтуға мәжбүрміз. Оның өзі аз болса да менің фолловерлерімнің жеңісі деп есептеймін. Бұл халықпен санасып отырып, бірге жасаған іс деп білемін», - деді спикер Қоғам үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің институционалдық ашықтығы» халықаралық конференциясында.