Ерлі-зайыпты мен немересінің өлімі: оқиға туралы тың дерек шықты
Ерлі-зайыпты мен немересінің өлімі: оқиға туралы тың дерек шықты
Қайғылы оқиға Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында болған, деп хабарлайды Taulik.kz Abai news телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты немересімен бірге көрші ауылға қонаққа барған. Сосын түнде үйлеріне қайту үшін жолда кетіп бара жатқан көлікке отырыпты. Олар ауылға 1 шақырымдай қалған кезде көліктен түсіп қалып, жаяу тартқан.Себебі белгісіз.
«Таңертең денелері табылғанда әжесі ауылдан 50 метр жерде жатты. Атасы мен немересі 100 метр жерден табылды. Қазір туыстары олар мінген автокөліктің иесін іздеп жатыр. Қатты аязда жүргізуші оларды не үшін жолдан түсіріп кеткенін анықтау керек», – дейді марқұмдардың туысы.Жарма ауданының полиция басқармасы бұл деректі растады. Жерлеу рәсімі жұма күні өтті.