Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылғаны» рас па?
Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылғаны» рас па?
Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылды», деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабарлама келіп түсті. Айтуынша, электрондық поштаға сағат 15.08-де ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келген. Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді», - делінген хабарламада.Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.