Жаңалықтар

Психологиялық тест: Сіз туралы өзгелер не ойлайды?

Психологиялық тест: Сіз туралы өзгелер не ойлайды?

Психологиялық суретке қарап, көзіңізге бірден түскен ағашты таңдаңыз. Таңдаған болсаңыз, төменде жазылған сипаттаманы оқыңыз.
  1. Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Бойыңыздағы нәзіктік пен мейірімділік айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Ортаңызда сыйлысыз, құрметтісіз. Барлығына керек жансыз. Өйткені мына әлем сіз сияқты мейіріміді жандарға зәру.
  2. Әрдайым көңілді жүретін, мұңаюды білмейтін, басқаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын адамсыз. Сізбен бір сағат сырласқан адам мұң-мұқтажын ұмытып, өмірге позитивті көзқараспен қарай бастайды. Осы мінезіңіздің арқасында достарыңыз да өте көп. Адамдарды атақ-дәрежесіне, шыққан тегіне қарап бөлмейсіз.
  3. Өте қарапайым адамсыз. Қарапайым мінезіңіз өзгелер үшін жұмбақ. Тұйықтығыңызды да өзгелер түсінбей жатуы мүмкін. Қолыңызда ақшаны уыстап ұстап жүрсеңіз де қарапайым киініп, қарапайым болып жүргенді жақсы көресіз. Өзгелер үшін сол қарапайымдылығыңызбен ерекшесіз.
  4. Шыдамсыз, мазасыз, айтқанын істетпей қоймайтын, өздігімен жүретін жансыз. Басқа адамдар өздерін сіздің жаныңызда еркін ұстай алмайды. Өйткені сізде лидерлік мінез басым. Мазасыздығыңыз бен істің нәтижесіне бірден қол жеткізгіңіз келетін қасиетіңізді өзгелер бірден қабылдай қоймасы анық. Дегенмен сіздің сөзіңіз өтімді болғандықтан, бұл қасиетіңізді жақсы қабылдап жатады.
  5. Сіздің мінезіңіз өзгелер үшін түсініксіз. Өйткені күліп отырып мұңая саласыз, мұңайып отырып қуануыңыз да тез. Бір істі бастап алып, екінші іске ауысып кетуіңіз мүмкін. Мінезіңіздің басқаларға беймәлім қырлары өте көп. Жағыну, жалпақтау дегенді білмейсіз. Бүгін айтқан ақылыңызға ертең өзіңіз қарсы шығуыңыз мүмкін.
  6. Өте тартымды адамсыз. Сөйлеген сөзімен, өз-өзін ортада дұрыс ұстауымен ерекшеленеді. Өзгелер сізге «өте мәдениетті» деп баға беріп жатады. Иә, мәдениетті екеніңіз рас. Ақсүйектерге тән қасиетіңіз бар. Өзіңізді жоғары бағалайсыз.