Жаңалықтар

Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ бас хатшысы болуы сәйкестік пе? – Ресей елшісі жауабы

Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ бас хатшысы болуы сәйкестік пе? – Ресей елшісі жауабы

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ҰҚШҰ туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Қазақстан ҰҚШҰ құрамындағы ең белсенді қатысушылардың бірі. ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы ешқандай ой жоқ. Бұл қауесеттерді біздің жауларымыз таратып отыр. Екі ел арасындағы алауыздықты қоздыру үшін істеп отыр. Бірақ Қазақстан ҰҚШҰ аясында бітімгерлерді дайындау бойынша белсенді. Сонымен қатар, біз үшін жаңа тақырып – биоқауіпсіздік ҰҚШҰ мандатына енгізілді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша да қатысып отыр, – деді Бородавкин.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқаратын Иманғали Тасмағамбетов туралы да сөз қозғалды.
Бірнеше апта бұрын Қазақстан ұсынысымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалуы сәйкестік емес. Ол бұрынғы премьер-министр, қорғаныс экс-министрі, Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі. Міне осындай мемлекеттік қызметтер атқарды. Өте беделді тұлға. Оны Қазақстанда белсенді де, әлеуметтік басқарушы ретінде де, қойған мақсатына жететін адам ретіне жақсы біледі, – деп түйіндеді елші.
Еске салсақ, Армения астанасы Ереванда өткен ҰҚШҰ саммитінде Иманғали Тасмағамбетов ұйымның бас хатшысы лауазымына тағайындалды.