Жаңалықтар

Коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

Коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирусты бір тәулікте тағы 114 адам, коронавирус белгілері бар пневмонияны 3 адам жұқтырды. Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды. Жалпы осы күні коронавирус инфекциясынан – 1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 197 (КВИ-), барлығы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 7 адамның жағдайы ауыр, – 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.