Екібастұзда енді 70-тен аса жер үй жылусыз отыр
Екібастұзда енді 70-тен аса жер үй жылусыз отыр
Екібастұздағы жер үйлерді жылу желісіне жалғау жұмыстары енді басталды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук мәлім етті.
Жеке сектордағы жылусыз үйлердің статистикасын да өтініш-шағымдар негізінде жіті жүргізіп отырмыз. Бүгін бригадалар бірінші күн жоспарлы жұмысқа шықты. Бұған дейін біз көпқабатты үйлерге салып келген едік. Қазір магистральдік желімен айналысқан бригада босаған соң жер үйлердің жұлу құбырларын жібітуге жіберу туралы шешім қабылдадық, яғни жер үйлердің құбыры мен жылу желімін жібітіп жатыр. Біздің дерегіміз бойынша шамамен 70-тей жер үй жылусыз отыр, - деді Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.
Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқуға көшірілді.
28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.
Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі аталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болатыны хабарланды.
Бүгін Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апаттың зардаптарын жою барысы туралы баяндады.
Taulik.kz