Енді қызыл диплом болса да жұмысқа тұру мүмкін емес
Енді қызыл диплом болса да жұмысқа тұру мүмкін емес
Тамара Дүйсенова енді тек дипломмен жұмысқа тұру мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Министр Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Бүгінде диплом жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі емес екенін мойындау керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көпшілігі нақты тәжірибенің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заң әзірленді, - деді министр Мәжілісте өткен үкімет сағатында.Дайындалатын білім бағдарламалары кәсіптік деңгейге қарайтынын алға тартты.
Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі. Мұнда азаматтардың білімін практикада қолдана алу мүмкіндігі, белгіленген жұмысты алып кете алатындай еңбек дағдысы және біліктілігі бағаланып барып, сертификат беріледі. Сертификат тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі, - деді Тамара Дүйсенова.
Taulik.kz