Бірнеше өңірде оқушылар онлайн форматта оқып жатыр

6 желтоқсан, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Бірнеше өңірде оқушылар онлайн форматта оқып жатыр Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді. Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Taulik.kz