Жамбыл облысындағы қайғылы жағдай: 2 баланың әкесі де өрттен көз жұмған
Жамбыл облысындағы қайғылы жағдай: 2 баланың әкесі де өрттен көз жұмған
Жамбыл облысында желтоқсанның екісінен үшіне қараған түні өрттен қаза тапқан 2 және 5 жасар екі баланың жақын туыстары олардың әкесі де 2019 жылы өрттен көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кіші қызы әкесі көз жұмған соң 2020 жылы наурызда дүниеге келген.
Кейінгі кездері әйел 2 баласымен жалдамалы пәтерде тұрған. Пәтерлерді жиі ауыстырған. Сол күні балалар ауырғандықтан, балабақшаға бармаған.
Қайғылы оқиға болған түні әйел құрбысының үйіне туған күн тойлауға кеткен. Балаларды үйде құлыптап кеткен. Үйге оралғанда полиция мен өрт сөндірушілердің үстінен түскен.
Қазір әйелге әкімдік көмек көрсетіп жатыр. Қыздарды жерлеу рәсімін өткізген. Анасына уақытша тұратын баспана тауып берген. Материалдық көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.