Жаңалықтар

Ресей жаңа зымыранын Қазақстанда сынақтан өткізді (ВИДЕО)

Ресей жаңа зымыранын Қазақстанда сынақтан өткізді (ВИДЕО)

Ресейдің Қорғаныс министрлігі 2 қарашада Қазақстаннан жалға алып отырған Сарышаған полигонында жаңа әскери зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Мәлімет бойынша сынақ сәтті өткен, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Әуе-ғарыш қорғанысы және зымыраннан қорғау әскерінің есебі негізінде Ресей әскерилері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын сынақтан өткізді, – делінген хабарламада.
Британиялық Sky News басылымының мәліметінше, ресейліктер жаңа зымыранды Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінен кейін бірнеше күн өткен соң сынаған.