Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тағы бір тың дерек шықты
Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тағы бір тың дерек шықты
«Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал брифингте Екібастұз ЖЭО учаскесінің қаза тапқан бастығы туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстандағы әлеуметтік желілерде Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың қазасы туралы ақпарат тарады. Бұл кісі жұмыс орнында болмаған, ол күні демалған», - деді Бағдат Орал.6 қарашада Павлодар облысының полиция департаменті осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Өлімнің алдын ала себебі «тұншықтырғыш газдан улану» деп айтылды. Еске сала кетейік, 27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.