Жаңалықтар

Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды

Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Taulik.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы ПБ «102» арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек қалалық полицияның соталды тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады.