Жаңалықтар

Харекет қорындағы Мадиярмен жүрген соң сендім: 120 миллионға алданғандар блогер туралы баяндап берді

Харекет қорындағы Мадиярмен жүрген соң сендім: 120 миллионға алданғандар блогер туралы баяндап берді

Қазақстанға өзге шет елдерден көлік тасымалдау кәсібі қарқынды жүруде. Алайда, ақшасын сеніп тапсырып, алданып қалған азаматтар да жетерлік. Соның бірі 28 жастағы Астана қаласының тұрғыны - Жарас мырза. Бір жылға жуық уақыт бойы, тапсырыс берген машинасы да, ақшасы да жоқ Жарас құзырлы органдарға шағымданғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Halyq uni сайтына егжей-тегжейлі баяндап берді. 
«Сәуір айында туыстарымнан 7 миллион теңге қарыз алып, Нұржігітке аудардым. Сол қарыз берген туыстарымның арасында төртеуінің бірі ғана менімен араласады. 2017 жылғы Hyundai Elantra көлігіне тапсырыс бердім. Утилизациялық алымын төлеп, қазақстандық нөмірмен атыма аударып беруге уәде етті. Бізде ондай көлік 9-9,5 миллион теңге шамасында еді. 10 күнде Қазақстанға жеткізілетінін айтты. Алайда, ақша аударғаныма 9 ай өтті – көлік те, ақша да жоқ», - деп ашынды Жарас. Мен сияқты алданғандардың ішінде арыз жазғаны – 14 адам. Бірақ алаяқтың уәдесіне сеніп, арыз жазбағандар да жоқ емес. Ең сорақысы, ол әлі деп тапсырыс қабылдап жүр, - дейді Жарас.
  Жасы 30-ға таяған кейіпкеріміз не үшін жап-жас жігіттің арбауына түсіп қалғанын да түсіндірді. Айтуынша, былтыр ораза кезінде Нұржігіт Құдайбергенов (блогер) «Харекет» қорына қолдау көрсетіпті. Тіпті, «Өнер қырандары» театрының басшысы Мадияр Серікбаевпен бірге жүрген сәттерінен бірнеше видео жариялап, онымен жақын араластығы барына сендірген.
«Оны қайырымдылықпен айналысады деп ойлап жүрсем, нағыз алаяқтың өзі екен. Мадиярмен арам ойын іске асыру үшін араласыпты. Оны актер өзі айтып берді. Грузиядан басқа қалаларға тиеліп жатқан көліктерді видеоға түсіріп, өзі жіберіп жатқандай көрсетеді. Базарда біреудің сатып тұрған көлігін суретке түсіріп, желідегі парақшасында өзі сатқандай жарнамалайды. Жалпы Нұржігіттің атына 14 кісі арыз жазған, оларға 120 миллион теңге қарыз», - дейді Жарас Тәжімұратұлы.
Көлікке ақша салып, кері қайтара алмаған Жарас Тәжімұратұлынан Нұржігіт есімді азаматқа жазған арызын қайтарып алуын сұрапты.
Нұржігіт тергеушінің сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Сұрақ-жауапты тергеуші адвокаттың айтуымен жазып шықты. Жаз дегенін жазып, жазба дегенін жазбады. Әрі ұялы телефонын тексермеді. Телефоны қолында, әлі де тапсырыс қабылдап жүр, - деді ол.
Алданып қалған Жарас Нұржігіттің өзі де алданып қалдым деген сөзіне сеніңкіремей, Грузиядағы қазақтардан сұрастырып біліпті.
«Құрылыста істеймін. Қарызға баттым. Туыстарым араласуды қойды. Талабым, Есіл ауданы полиция басқармасына тексеру жүргізілсін. Нұржігіт Құдайбергеновтің төлқұжаты, біздің ақша аударғанымызды дәлелдейтін түбіртек пен жазбаларымыз бар. Соның бәрі назарға алынып, құзырлы орган өкілдері істі толық жүргізсін», - дейді Жарас Тәжімұратұлы.

Taulik.kz