Мәдениет саласында әдебиетті емес, Жайдарманды биік қоятын басшы жүр - Дәулеткерей Кәпұлы
Мәдениет саласында әдебиетті емес, Жайдарманды биік қоятын басшы жүр - Дәулеткерей Кәпұлы
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы Астана қаласы Мәдениет басқармасына ренішін білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.
“Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұқамедқалиұлының 80 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев пен қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев кеш шымылдығын ашты. Қазақстан Жазушылар одағыныңбасқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамыз да қаламгер жайлы толғанды. Айтпағым Астана қаласы Мәдениет басқармасы деген басқарма әдебиетті, руханиятты, қаламгерлерді айналып өтуден алдына жан салмайтын басқарма! Шоулар мен Жайдармен,КВН және эстрадалық концерттердің абыройын бәрінен биік қоятын басшысы ма қосшысы ма білмедім. Жазушының мерейтойынан басқарма басшысын көрмейсің. Залды толтыру шаруасына араласпаған. Қысқасы, басқармаға руханиятқа жаны ашитын,алдымен мәдениет дегенді түсінетін бір басшы қою керек. Әкімнің жылда ауысатын орынбасарларына талай айтқанбыз! Көсегесі көгермей тұрған мәдениетім-ай...”,- деп жазды ол.
Taulik.kz