Даниал Ахметовтың орнына басқа кандидат болған
Даниал Ахметовтың орнына басқа кандидат болған
Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдан бері басқарып келе жатқан, осымен төртінші рет қайта тағайындалып отырған Даниал Ахметовтың орнына басқа да кандидат болған.
Ахметовтың орнына облыстық мәслихат депутаттары 42 жастағы Ренат Құрмамбаевті әкім ретінде қарастырған. Құрмамбаев облыстағы Ұлан ауданының әкімі.
Дегенмен депутаттар дауыс беру кезінде Даниал Ахметовты қолдаған. Атап айтқанда, 94 депутат қолдаса, 23 депутат Құрмамбаевқа дауыс берген.