Жаңалықтар

Қазақстанда баспанаға мұқтаж халықтың саны 4,5 миллионға жетті

Қазақстанда баспанаға мұқтаж халықтың саны 4,5 миллионға жетті

Елімізде 4,5 миллион адамның баспанаға мұқтаж екені белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Алдағы 7-8 жылда баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 млн-ға дейін артуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, оған әлемде болып жатқан геосаяси жағдай мен құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болып отыр. Оның үстіне, елімізде ондай материалдар өндірілмейді, сол себепті импортқа тәуелділік бар. Сонымен қатар отырыста ипотекалық бағдарламалардың жалпы халыққа емес, тек белгілі бір әлеуметтік осал топтарға қолжетімді екені айтылды. https://www.youtube.com/watch?v=-Y5MaXmhJ1c