Жаңалықтар

Ресейдің ядролық қаруды ұстара сияқты сермеуге ниеті жоқ – Путин

Ресейдің ядролық қаруды ұстара сияқты сермеуге ниеті жоқ – Путин

Ресей президенті Владимир Путин ядролық қаруды қолдану және қосымша мобилизация жариялау туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды taulik.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, қандай да бір қосымша жұмылдыру іс-шаралары жүргізілмейді. Дәл қазіргі сәтте бұл шешімнің мемлекет үшін де, Қорғаныс министрлігі үшін де қажеттілігі шамалы.
«Ресейдің ядролық қаруды ұстара сияқты сермеуге ниеті жоқ және оны қорғаныс құралы әрі қауіпті тежегіш ретінде қарастырады. Біз есімізден адасқанымыз жоқ, ядролық қарудың не екені туралы өзімізге есеп бере аламыз. Бізге соққы берілгенде, біз жауап береміз», - деді ол.