Жаңалықтар

ШҚО-да мұз астынан әйелдің денесі табылды

ШҚО-да мұз астынан әйелдің денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында мұз астына түсіп кеткен көлікте болған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды taulik.kz Төтенше жайдайлар департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, марқұмның денесі бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында шығарылған.
Көлікті Төтенше жағдайлар қызметінің тоғыз сүңгуірі іздеді. Сүңгуірлердің жұмысы аяздың кесірінен  қиындады. Іздестіру жұмыстары жүргізілген жердегі тереңдік шамамен 20 метр болды, –  деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, денені мұздан алып шығуға 23 адам, жеті техника жұмылдырылды.