Жаңалықтар

«Пайдақор әке 3» Қайырымдылық қоры сыйлаған баспана балаларға бұйыра ма?

«Пайдақор әке 3» Қайырымдылық қоры сыйлаған баспана балаларға бұйыра ма?

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның бастамасымен құрылған “Айдың нұры” қайырымдылық қоры сыйға тартқан баспанаға балаларын тұрғызбай, жалға беріп қойған әке туралы Еуразия бірінші арнасының “Көреміз” ток-шоуы арнайы шығарылым арнады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Оқиғаның басына оралсақ, кәмелет жасына толмаған балалардың адам көрсе шошырлық вагонда өмір сүріп жатқанын көрген халық қайырымдылық жасап, 4 ұлы бар әкеге зәулім үй сыйлайды.

Алайда, үйдің кілтін ала салысымен, балаларын қондырмай, басқа біреулерге жалға берген. Бұл туралы “Көреміз” редакциясына ұлдары хабарласып, көмек сұраған.

Студияға 4 ұлдың анасы келіп, 7 жыл бұрын ажырасқанын, сот балаларын “анасы жағдайын реттеп алғанша әкесінің жанында болсын” деп шешкендігін айтып, енді балаларының сұмдық жағдайын көріп, қасына алғысы келетінін айтты.

Жәмилә Абылаева:

“Ажырасқалы бері балаларым осы қоқыста, құрт-құмырсқа араласқан тамақ жеп өмір сүріп келеді. Әкесі балаларыма жолатпайды. Араластырмайды мүлде. Демалыс уақыттарында алып кетейін десем де балаларды бермейді. Мына тұрып жатқан жері өзінің жұмыс орны. Осы үлкен аймақты қарауылдап жүреді”,- деп мән-жайдың басын ашып алды анасы Жәмилә.

“Көреміз” ток-шоуы бұл жантүршігерлік жағдайға екі эфир арнады. Бірі осыдан екі ай бұрын болса, бірі кеше көрсетілді. Екі ай бұрынғы эфирде әкенің үйді жалға бергені анықталса, кеше көрсетілген сағатында өзге өзінен кіші жас келіншекпен көңіл жарастырып, өзге 4 балаға өгей әке боп, қайырымдылық қоры сыйлаған баспанада бақытты күн кешіп жатқанын айтты.

Ал өзінің туған еңгезердей 4 ұлы анасымен бірге бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр.

Эфирге 17 жастағы ұлы кеп, әкесінен баспананы өз атына жазып беруін сұрады. Өйткені, “ қор үйді саған емес, бізге берді” деп ашулануда.

Әкесі болса, үйді ағасының атына ауыстырып тастағанын, жазып бере алмайтынын айтты.

“Көреміз” тоу шоуының “Пайдақор әке” тақырыбына арнаған эфирдің кеше 3 бөлімі көрсетілді. Бұл бөлім шиеленіскен оқиғаның нақты нүктесі десек те болады.

Эфирге анасы да, әкесі де, балалар да келді. Балалардың көңілі көтеріңкі, біраз реттеліп қалған. Өйткені, баспана балаларға қайтарылған.

“Айдың нұры” қорының жетекшісінен арнайы сұхбат алған. Олар бұл отбасыға баспана бермей тұрып, біраз зерттегенін тілге тиек етті. Алайда, қазір шығып жатқан даудың дұрыс еместігін, баспана балаларға тиесілі екенін айтты.

Анасының екінші некеге тұрғаны өткен бағдарламада айтылған еді. 4 айға созылған, шиеленіскен мәселеден кейін екінші күйеуі де өзінен туған үш ер баламен тастап кеткен. Жәмилә ханым сонда 7 ер баланың туған анасы. Балаларға табысталған баспанаға балаларымен бірге орнықты десек те болады.

Ең қызығы, “қазақтың қызына қайырымдылық жасадым, екінші рет үйлендім” деген әке алдыңғы бағдарламада өтірік айтқанын мойындады. Үйленбеген, алайда қор сыйлаған баспананы “жанашырлық” танытып, өзге 4 баласы бар келіншекке берген. Сылтауы, қақаған қыс болған соң кіргіздім дейді.

Эфирдің соңғы бөлімін мына жерден көре аласыз.

https://youtu.be/LLhSGh5Plo4