БАҚ: Болат Назарбаевтың оң қолына шұғыл іздеу жарияланды
БАҚ: Болат Назарбаевтың оң қолына шұғыл іздеу жарияланды
Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ұйымдастырушы – БАҚ Болат Назарбаевпен байланыстыратын Қоспаев Елдос. Бұл туралы Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Сондай-ақ, Қоспаевтың сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеу жарияланған. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады, – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.Қылмысқа басқа да сыбайластар – Коспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей анықталды. Бұл адамдар да іздеуде. Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, қаржы мониторинг агенттігінің сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы беріледі. Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Taulik.kz