Қатты ауырып едім: Абақтыдан шыққан Есентаевты Аяна есімді қыз іздеуде
Қатты ауырып едім: Абақтыдан шыққан Есентаевты Аяна есімді қыз іздеуде
Бақытбек Есентаевты кезінде өзі көмек қолын созған бүлдіршін іздеуде, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бүлдіршіннің айтуынша, өзі 3 жаста болғанда қатты ауырғандығын, және ауруынан айығуына Бақытбек ағасының көмегі зор екенін өз инстаграм желісінде жариялады.
"Менің атым — Аяна. Жасым — 11-де. Мен сізге рақмет айтайын деген едім. Мен ауырғанда сіз көмек беріпсіз, ол кезде менің жасым үште болған. Сол үшін сізбен кездескім келеді. Нағима тәтеге де көп хат жаздым. Бірақ ол кісі әлі оқымады ғой деймін, әйтпесе сізбен кездестіретін еді", — деп жазды Аяна есімді қыз.
Taulik.kz