Жаңалықтар

Өзбекстан Путин ұсынған «газ одағына» қосылмайтын болды

Өзбекстан Путин ұсынған «газ одағына» қосылмайтын болды

Өзбекстан Путиннің Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында газ одағын құру туралы идеясын қолдамады, деп хабарлайды taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз газ бен электр энергиясын импорттауды қандай да бір одақ арқылы емес, көрші елдермен келіссөздер жүргізу арқылы іске асырамыз. Келіссөздер өзара энергетикалық желілермен алмасу арқылы емес, коммерциялық келісімшарт, сатып алу-сату үшін ұлттық мүдделер негізінде жүргізіліп жатыр», – деді Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов.