Жаңалықтар

Ресейліктер Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Ресейліктер Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы, футболшы Нұралы Әліп ресейлік "Зенитпен" ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
"Нұралы Әліп "Зенитте" қалды. Оның келісімшартын "Қайраттан" Санкт-Петербург клубы сатып алды. Енді Қазақстан құрамасының қорғаушысына қатысты барлық құқықтар Ресей чемпиондарына тиесілі. Келісімшарт мерзімі 4 жыл (3+1). Келісімнің қаржылық мәліметтерін әзірге айта алмаймын, бірақ жақын арада Қайраттың өзі жариялайды деп ойлаймын. Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле. Сондай-ақ, Мәскеуде орналасқан тағы бір РПЛ клубы Әліпке қызығушылық танытқанын айта кетейін. Ал оның Әзірбайжан чемпионатына өтуі мүмкін деген әңгіменің бәрі шындыққа сәйкес келмеді", - деп жазады СпортРадар.kz Telegram-арнасы.

Taulik.kz