Шұғыл: Ақтаудың жылу жүйесінде апат болды
Шұғыл: Ақтаудың жылу жүйесінде апат болды
Ақтаудың орталық жылу жүйесінде апат болды, деп хабарлайды Taulik.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.
Ақтауда 6 бірдей шағын аудан жылусыз қалған. Жерастындағы құбырлардың жарылған тұстарын коммуналдық мекемелер жөндеп, қазір 5 шағын ауданға жылу берілді.
Ендігі қалып тұрғаны 7 ықшам ауданындағы жеті үй. Оларды да бүгін жылуға қосу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, қалада 4 желтоқсаннан бері ыстық су жоқ. Орталық сумен жабдықтау торабында су деңгейі күрт төмендеуінен «Маэк» энергокомбинаты қалаға ыстық су жіберуді уақытша тоқтатқан. Ондағы су резервуарлары толтыруға қойылған.
Taulik.kz