Жаңалықтар

Ұлттық парк аумағында қаза болған әйелдің күйеуі 140 млн доллар талап етті

Ұлттық парк аумағында қаза болған әйелдің күйеуі 140 млн доллар талап етті

АҚШ-тың ЮТА штатында ұлттық парк аумағында қайғылы жағдай салдарынан қайтыс болған әйелдің күйеуі мен отбасы биліктен 140 миллион доллар (65 996 994 000 теңге) өтемақы сұрады, деп хабарлайды taulik.kz tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 2020 жылы көктемде Людовик Мишо мен оның жары Эстер Накаджиго Арки ұлттық паркінде көлікпен келе жатқан. Отбасылық жұп жолда орналасқан металл дарбазадан өте бергенде қатты соққан желдің салдарынан есік жабылып кеткен. Соның соққысынан жолаушы отырған есік кесілген, сондай-ақ Людовиктің жары Эстердің басын шауып түсірген. Отбасының адвокаттары АҚШ-тағы парктерде инфрақұрылымдық қызмет көрсету қызметінің салғырттығынан турист қайтыс болғанын айтады. Әйелінен айырылған ер адамның айтуынша, оның жары угандалық әнші және актриса болған, ол қайырымдылық шараларымен айналысқан. Оның айтуынша, Накаджиго қайтыс болмағанда онда жылына жүз мың немесе миллион доллар табыс табатын коммерциялық емес ұйымның бас директоры болатын еді. Әйелінен айырылған ер адам өз қайғысын, сондай-ақ жіберіп алған мүмкіндіктерді ол 140 миллион долларға бағалаған. Алдағы апталарда сот үкім шығарады деп күтіледі.