Тоқаев санкциялық шектеулердің ЕАЭО-ға мүше елдерге қысым жасайтынын айтты
Тоқаев санкциялық шектеулердің ЕАЭО-ға мүше елдерге қысым жасайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз сөйлеп, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді. Қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайызды құрады. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді», - деді ол.Сонымен қатар президент санкциялық шектеулердің қысым жасайтынын да айтып өтті.
«Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек», - деді Тоқаев.