Қарағанды, Атырау, Астана: Қостанай теміржолшылары да көтерілді
Қарағанды, Атырау, Астана: Қостанай теміржолшылары да көтерілді
Қостанай облысының да теміржолшылары жалақыны 100% көтеруді талап етуде, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бүгін, 2022 жылдың 9 желтоқсанында біз Қостанай стансасының жұмысшылары ҚР президенті Тоқаевқа және ҚТЖ басшысы Сауранбаевқа жүгінеміз. Біздің талап: айлықтың 100 пайызға көтеру, сонымен қатар, теміржолшылар күніне орай лауазымды айлық көлемінде сыйақы беру. 16 желтоқсанға дейін жауап берулеріңізді өтінеміз», - дейді теміржолшылар.Естеріңізде болса, осыдан 2 күн бұрын Қарағанды облысының Балқаш қаласының Жүк тасымалы қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, жалақыны 100% көтерілуін талап еткен еді. Бұл үндеуді артынша Атырау мен Астана облысының жұмысшылары да қолдады.
Taulik.kz