Украина қазақстандық блогерді арандатушы деп айыптады
Украина қазақстандық блогерді арандатушы деп айыптады
Украиналық "Ищи своих" интернет жобасы қазақстандық блогерді "Федералды барлау қызметінің агенті" деп атады, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Telegram-арнасында Қазақстан азаматы Антон Бударов "Федералды барлау қызметінің агенті", "халық пен билікке қарсы арандатушылық және жалған хабарламалар таратады" және "агрессивті әрекеттер жасайды" делінген.
"Ищи своих" жобасының мәліметінше (Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісінің ұсынысымен ашылған), Бударов Санкт-Петербургтегі ұйым кураторларымен кездескен.
Айта кетейік, Антон Бударовтың деректері "Миротворец" сайтында да жарияланған, онда блогер "Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы қасақана әрекеттер жасады" деп айыпталған.
Бұқаралық ақпарат құралдары Антон Бударов бұрын Алматыда тұрғанын жарыса жазды. Блогер қазақстандық саясаткерлердің айыптап, елімізге қатысты бірнеше рет арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасаған.
Taulik.kz