Жаңалықтар

Қазақстанда бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады – Әлихан Смайылов

Қазақстанда бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады – Әлихан Смайылов

Биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz.
«Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілңп, 7 мыңға жуық талап анықталған. Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталды. Бәсекелестікті дамыту үшін экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады. Атап айтқанда, Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO өткізілді», - дейді Премьер-Министр.